Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев «Тәуелсіздік Қазақстанға кездейсоқ бұйырды» дегендерге жауап берді

Тоқаев «Тәуелсіздік Қазақстанға кездейсоқ бұйырды» дегендерге жауап берді

Астана. 22 қазан. 7kun.kz ҚР президент Қасым-Жомарт Тоқаевт бүгін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру рәсімінде Қазақстан Егемендігі жайында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды 7kun.kz.

Ол қазақта «Егемен болмай, ел болмас» деген терең мағыналы сөз бар екенін атап өтті.

 «Кейде «Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады" деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл - сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі.

Шын мәнінде, егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өтті. Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді», – деді Тоқаев.

Похожие материалы