Нұр-Сұлтан. 1 шілде. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй қатынастары саласындағы түзетулерге қол қойды, деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару, мемлекеттік шекара, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аталған түзетулер Алматы қаласында жылжымайтын мүлікті рәсімдеу мәселесін қарастыратын комиссия құрамы мен қызметін нақтылауға, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын анықтауға бағытталған. Сонымен қатар көп пәтерлі тұрғын үйлердің нысанды басқарудың жаңа формасына өту мерзімі 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылған.