
Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинадағы президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы президент Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.
Бюллетеньдердің 95%-ын санап үлгерген Украинаның орталық сайлау комиссиясы сәуірдің 22-сі күні таңертең Владимир Зеленскийге сайлаушылардың 73,16% дауыс бергенін хабарлады.