Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаев жаңа квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізді

Тоқаев жаңа квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізді

Алматы. 4 шілде. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарлады.

Жарлықта аталған шара мемлекеттің бизнес-ортаға қатысуын қысқарту және жеке секторды дамыту үшін қолданылғаны жазылған.

"Қаулы етемін: әлеуметтік салада және (немесе) елді мекендердің тыныс - тіршілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды; жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру (біріктіру немесе қайта құру) жолымен оңтайландыру шеңберінде құрылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізілсін", - делінген құжатта.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне дауыс беретін акциялардың (қатысу үлестерінің) 50% және одан аз пайызы тиесілі болатын жарғылық капиталдағы акционерлік қоғамдар да; ел Президентінің тапсырмасы және (немесе) келісімі бойынша құрылатын заңды тұлғалар да жатпайды.

"Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, сондай - ақ Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын", - делінген мәтінде.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Похожие материалы