Астана. 29 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойды, деп хабрлайды 7kun.kz.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, таяуда сенат депутаттары кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілген түзетулерді қабылдады, ол бойынша 25 қазан ұлттық мереке – республика күні болады.