Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқаевтың логистикалық жобаларға қатысты шешімдерінде саяси астар жоқ – Ақорда

Тоқаевтың логистикалық жобаларға қатысты шешімдерінде саяси астар жоқ – Ақорда

Нұр-Сұлтан. 7 маусым. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың логистикалық жобаларды дамытуға қатысты шешімдерінде саяси астар жоқ. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды.

«Бүгін Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Осыған байланысты журналистер тарапынан сұрақтар түсіп жатыр. 

Бұл жерде, ең алдымен, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстан көмірсутегін халықаралық нарықтарға жеткізу бағыттарын әртараптандыру туралы сөз болып отыр. Жиында жаңа көлік дәліздерін ашу мәселесі талқыланды. Бұл бір күндік жұмыс емес, ұзақ мерзімді жоспар. Шын мәнінде, қабылданған шешімдердің ешқандай саяси астары жоқ», – деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, Ресей біздің стратегиялық  серіктесіміз әрі одақтасымыз болып қала береді. 

«Оның мүддесіне нұқсан келтіретін қандай да бір іс-әрекеттерге жол берілмейді. Қазақстан тарапына қатысты да осындай әрекеттер жасалмайды деп үміттенеміз», – деді Руслан Желдібай.

Айта кетейік, 6 шілдеде Ресей соты экологиялық құқық бұзушылықты айтып, КҚК жұмысын бір айға тоқтатқаны белгілі болды. Қазақстан Үкіметі қазір Ресей әрекетінің салдарын қалай жеңілдетуді ойластырып жатыр. Сол күні Қазақстан тарапы КҚК Ресей сотына қайтымсыз салдарлардың туындау қаупіне байланысты шешімнің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішпен жүгінді. 7 шілдеде осы оқиғалар аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнайды Транскаспий жолы арқылы экспорттау жөн десе, ҚР Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайы КҚК жүйесі арқылы тұрақты режимде Ресей арқылы экспортталуда деп сендірді.

Похожие материалы