Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқтар Төлешевтің бизнесін ұлы жүргізеді

Тоқтар Төлешевтің бизнесін ұлы жүргізеді
Шымкенттік кәсіпкер "Шымкентпиво" ЖШС иесі Тоқтар Төлешевтің тұтқындалуы оның бизнесін тоқтатпайды. Алдағы уақытта оның бизнесіне ұлы Төлеген Төлешов иелік ететін болды, деп хабарлайды 365info.kz. 4 ақпан күні Шымкенттегі «Отырар»телеарнасының баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында компания директоры Камал Атажанов зауыттың жұмыс істеп тұрғанын, мұнда мыңнан астам адам жұмыс істейтінін айтқан. «Қазір қызметкерлер жалақысын алмағанына қарамастан штаттық кестеге сай жұмыс істеуде», - дейді К.Атажанов. Оның айтуынша желтоқсан айы үшін жартылай жалақы төлеген, жақын арада толық жалақы төленбек.  «Қыс кезінде бізде аздаған қиындықтар болады»,- деді директор. Төлешев қазіргі кезде тек зауыт қызметкрелеріне ғана емес,  «Rixos» қонақ үйіндегі банкет ұйымдастырушыларына да қарыз екен. Еске сала кетейік, жақында шымкенттік белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешев тұтқындалып, оған екі бап бойынша қылмыстық топ құрғаны және есірткі дайындау, сақтау, сату ісі бойынша айыпталуда. Жақында ол сот шешімімен 2 ай қамауға алынды.      

Похожие материалы