Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тоқтар Әубәкіров қаңтарда Кремльдің Қазақстанға шабуыл жасау жоспары болғандығын жоққа шығарған да, растаған да жоқ

Тоқтар Әубәкіров қаңтарда  Кремльдің Қазақстанға шабуыл жасау жоспары болғандығын  жоққа шығарған да, растаған да жоқ

Қазақстан. 8 маусым. 7kun.kz – Осыған дейін қазақстандық кәсіпкер Ұзақбай Айтжанов Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Ресей қаңтар айында елімізге қарулы басып кіруді жоспарлап отыр дегенін айтқан болатын, деп хабарлайды 7kun.kz.

Тоқтар Әубәкіровтың өзі Exclusive.kz-тің осы мәселе жайында сұрағына әркімнің өз ұстанымына құқығы бар деп жауап берді.

«Біреу маған сілтеме жасап сұхбат берсе, бұл оның құқығы. Кез-келген адам өзі білуінше түсіндіруге құқылы. Барлығы! Сондықтан мен оның көзқарасын жоққа шығармаймын немесе растамаймын», – деді ғарышкер.

Похожие материалы