ТҚЖ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты келісімдерді қабылдауды бастады
17 февраля, 2016
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларынан өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Е.Шарыгин мәлімдеді."Өздеріңіз білетіндей, еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылдың 18 тамызындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың теңгемен ашылған жедел депозиттеріне бағамдық айырманы (өтемақы) төлеудің, соның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына да әзірлеуді тапсырған еді. Қазіргі уақытта, Банк және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бейінді мемлекеттік органдармен бірлесе отырып өтемақы төлеу тетігін әзірледі, және ақпанның 8-інен бастап банк клиенттерінен өтемақы төлеуге байланысты қосымша келісімдерді қабылдауды бастады",- деді Е.Шарыгин.Өтемақы төлеудің тәртібі мен талаптары Банктің www.hcsbk.kz. ресми сайтында танысуға болатын «Өтемақы. Жалпы талаптарға қосылу» тарауының Өтемақы төлеу тәртібінде бекітілген."Өтемақы 467 мыңнан аса ТҚЖ шарты иелеріне, соның ішінде салымында 1 млн. теңгеден аса қаржысы бар салымшыларға төленеді. Өтемақы төленетін салымдардың бүгінгі таңдағы жалпы сомасы - 171,9 млрд. теңгені құрап отыр. Банктің Жамбыл облыстық филиалы бойынша салымының жалпы сомасы 1 022 557 701 теңгені құрайтын, ТҚЖ шартының жалпы саны 15,5 мыңнан тұратын депозиттерге өтемақы төленеді",- деді басшы орынбасары Т.Жақсылықов.Өтемақы Банк қаражаты және бюджет қаражаты есебінен төленеді. Бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті Қаулысы бекітілген жағдайда, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіпте бөлінеді. Ал Банк қаражаты Банктің жылдық қаржы есебі бекітілгеннен кейін, Банктің уәкілетті органының шешіміне сәйкес меншікті капитал қаражатынан бөлінеді. "Өтемақы коэффициенті 2015 жылғы 18 тамыздағы операциялық күннің соңындағы жағдай бойынша ТҚЖ салымы сомасының 35,5%-ын құрайды, және 19,2%-ы 2016 жылы, ал 16,3% -ы 2017 жылы төленетін екі траншпен беріледі. Бұлар ақшаға шаққанда 60,9 млрд теңгені құрайды. Оның 24 млрд теңгесі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің меншікті қаражаты. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдегендей, 36,9 млрд. теңге Үкімет қорынан бөлінеді. 2016-2017 жж. бюджет қаражаты екі траншпен беріледі. Қазір Үкімет Қаулысының бекітілгенін және қаржының бөлінуін тосып отырмыз. Қаражат сәуір мен маусым айлары аралығында бөлінеді деп жоспарлап отырмыз, артынша біз де салымшылардың шоттарына ақша аударуды бастаймыз. Бірінші транш жалпы 32,9 млрд теңгені құрайды, оның 20,9 млрд теңгесі Үкіметтен бөлінсе, қалған 12 млрд теңгесі Банктің меншікті қаражаты. Осыған байланысты, біз салымшыға таңдау жасау мүмкіндігін береміз. Яғни, біздің клиент өтемақының осы алғашқы үлесін алып, не заем алуына болады немесе шартты бұза алады. Егер, клиент салымын 2017 жылдың шілдесіне дейін сақтаса, онда ол өтемақының барлық сомасын алады",- деп қорытындылады аймақ филиалының басшысы.