Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп АҚШ пен Мексика арасын бөлетін қабырға салдыра бастады

Трамп АҚШ пен Мексика арасын бөлетін қабырға салдыра бастады

АҚШ. 26 қаңтар. 7kun.kz - АҚШ президенті Дональд Трамп сайлау алдында берген уәделерінің бірін орындап, Мексика мен АҚШ шекарасында қабырға салу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы BBC News жазды.

Трамптың сөзінше, Ішкі қауіпсіздік министрлігі құрылыс жұмыстарын бірден бастайды. Мұның алдында ол дуалдың АҚШ бюджетінен салынып, кейін құрылысқа кеткен қаражатты Мехико 100 пайыз қайтарады деген болатын. Дегенмен құрылыс жұмыстарын конгресс мақұлдау керек.

"Менің істеп жатқаным - Құрама Штаттардың игілігі үшін", - деді ол. Трамп адам асып өте алмайтын дуал миллиардтаған доллар үнемдеуге және көп адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді деген ойда. Өйткені бұл трансшегаралық ұйымдасқан қылмысты тоқтатады.

Жақын арада Трамп АҚШ-қа босқындардың келуін, Сирия, Йемен, Ирак, Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше елдері азаматтарына виза беруді уақытша доғарылатынын жариялауы мүмкін. Заңсыз миграцияға бөгет болу үшін салынатын 3,2 мың шақырымдық қабырға салу мәселесін Трамп былтырдан бері көтеріп келеді. Америка президентінің есебі бойынша құрылыс жұмыстарына 12 миллиард доллар кетеді, дегенмен, көптеген сарапшылар мұнымен келіспейді. Олар құрылыс жұмыстарына кететін қаржы тым азайтылып көрсетілгенін айтады. 

Похожие материалы