Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп ипотекалық несие алды

Трамп ипотекалық несие алды

Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz — АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылы бес миллион доллардан астам қаржыға ипотекалық кредит алды. Оны Үкімет этикасы жөніндегі кеңсенің Президенттің қаржылық істері туралы есебі куәландырады.

Жыл сайынғы есепте банкте 5-тен 25 миллион долларға дейінгі сомаға алынған ипотекалық кредит көрсетіледі.

Palm Beach Daily News газетінің мәліметтері бойынша, Трамптың ұлдары Президенттің әпкелерінің бірінен Флорида қаласында тоғыз бөлмелі үй сатып алған. Рейтер агенттігінің мәліметінше, бұл үйді сатып алу үшін ипотекалық несие көлемі 11,2 миллион долларды құрады. Алайда, Дональд Трамптың үлесіне кредиттің қандай бөлігі тиесілі екенін нақты айту мүмкін емес, өйткені АҚШ президенті бұл мәліметтер қамтылған өзінің салық декларациясын жарияламайды.

Есепке сәйкес, Дональд Трампқа барлығы 14 кредит тиесілі, оның ішінде үшеуі — 50 миллион доллардан астам сомада.

Айта кетейік, АҚШ-та өте бай адамдардың өзі жиі ипотека алады. Бұл, негізінен, ипотекалық несие бойынша пайыздар, инвестициялық қолма-қол ақшаның әлеуетті кірісіне қарағанда төмен болуымен байланысты. Мысалы, Флоридадағы үйге несие Трампқа жылына 4,5%-бен берілді, ал бизнеске немесе акцияларға салынған ақша айтарлықтай үлкен табыс бере алады.

Похожие материалы