Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан импортталатын тауарларға салынатын баждың күшейтілуін 1 қазанға жоспарлау туралы мәселені қайта қарау туралы шешім қабылдағанын айтты.
«31 қазаннан бастап 250 млрд долларлық тауарларға салынатын баж салығы (қазір 25%-ды құрайтын) 30% құрайды». Сонымен қатар, Қытайдан қалған 300 миллиард долларлық тауарлардан 1 қыркүйектен бастап 15% баж салығын алу туралы шешім қабылданды», - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында.
Осылайша, Трамп Бейжіңнің америкалық тауарларға жылына 75 миллиард доллар мөлшерінде баж салығын енгізу шешіміне жауап берді. АҚШ президенті Қытайдың бұл қадамын саяси себеп деп атады.