Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы заңға қол қойды

Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы заңға қол қойды

Вашингтон. 3 тамыз. 7kun.kz - АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл туралы CNN хабарлады.

Президент жаңа заң жобасын конгресстің рұқсатынсыз алып тастай алмайды.

Трамптың өзі болса құжат антиконституциялық сипатқа ие екенін мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ-та Трамп бұл заңға тыйым салуы мүмкін екені айтылған болатын. Алайда, парламенттің екі палатасы да қолдау көрсеткендіктен жаңа заң мақұлданды.

"Мен Иранның, Солтүстік Кореяның және Ресейдің агрессивті және тұрақсыз тәртібін жазалау үшін осындай қатаң шараға көштім. Дегенмен, бұл заңда әлі де елеулі кемшілітер бар деп есептеймін. Конгресс заңнаманы қабылдауға асыққандықтан оған бірнеше антиконституциялық сипаттарды енгізді. Заң жобасы атқарушы биліктің келіссөздер жүргізу өкілеттілігіне қол сұғады. Сол арқылы атқарушы биліктің қызметін шектейді. Сонымен қатар, АҚШ үшін тиімді келісімдер жүргізуді қиындатады. Ал Қытай, Ресей және Солтүстік Кореяны керісінше бір-біріне жақындастыруға жағдай жасайды", - деп атап өтті АҚШ президенті Дональд Трамп.

Еске салсақ, бұған дейін Трамптың Ресей мен Иранға қарсы жаңа санкциялар жобасын қолдағанын хабарлағанбыз.

Похожие материалы