Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптан құттықтау жеделхатын алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы жылдар ішінде екі жақты қарым-қатынаста жоғары жетістіктерге қол жеткіздік, ынтымақтастығымыз әрі қарай жалғаса беретініне кәміл сенемін. Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында америкалық бизнестің жаңа мүмкіндіктер алғаны қуантады», – деп жазды Дональд Трамп.

Ақ үй басшысы АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік жолында бірлесіп атсалысуды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

«АҚШ Қазақстанмен өзара мығым серіктестікті бағалайды. Орта Азия мен жаһандық деңгейдегі ортақ мүдде аясында сізбен және Қазақстан халқымен бірлескен жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Еңбегіңізге мол табыс тілеймін», – делінген АҚШ Президентінің құттықтауында.

Похожие материалы