"Трансаэро" әуе компаниясының 51 пайыз акциясын S7 акционерлері сатып алады. Бұл туралы келісім-шартқа 20 қазан күні «Трансаэроның» ірі акционерлерінің бірі Александр Плешаков пен S7 тобының бас директоры, әрі иегері Владислав Филев қол қойды деп хабарлайды lenta.ru.
Келісім бағасы туралы акционерлер әлі мәлімдеген жоқ. Бірақ А. Плешаковтың сөзінше, баға пакеті бір рубльден асады, сома келсім-шартқа қатысушы акционерлердің барлығын қанағаттандырады.
"S7 тобының "Трансаэро" несие берушілеріне қатысты қарым-қатынасын реттеуге арналған жоспарлары бар», - деді Владислав Филев. Жоспардың мән-жайы хабарланған жоқ, алайда жаңа акционерлер әуе компанияның банкрот болмауына барынша күш салады.
Ал Александр «Трансаэро» әуе компаниясының 60 пайызға жуық акциясын барынша нығайтты. Ол компания пакеттерін сату туралы келісім серіктестер мен несие берушілердің қызығушылығын қорғау және әуе тасымалы нарығын монополиялауға жол бермеу үшін жасалды деп түсіндірді.
Еске салайық, бұдан бұрын әуе компанияның толық банкротқа ұшырағаны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, "Трансаэроның" Қазақстан қалаларындағы бірнеше рейсі шегерілген болатын.