Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Транспорттық компаниялардың табысы үш есе артты

Транспорттық компаниялардың табысы үш есе артты

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылы транспорттық компаниялардың табысы 14 пайызға өсіп, шығын 7 пайызға қысқарды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Транспорт пен логистика Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы жаңа экономика драйверлерінің бірі.

2017 жылдың І тоқсанында транспорттық-логистикалық саладағы шағын, орта және ірі кәсіпорындар табысы (салық төлемін қоса есептегенде) 383,2 млрд теңгені құрады. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 148,1 млрд теңге болған. Бір жылда табыс 2,6 есе артқан. Көрсетілген қызмет көлемі болса өткен жылдан қарағанда 3,5 пайызға көп.

2017 жылдың басында шағын кәсіпорындар 27,8 млрд теңге пайда тапты. 2016 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 4,8 млрд теңге болған.

Ал шағын және орта кәсіпорындардың сатудан түскен табысы бір жылда 8,9 пайызға артып, 71 млрд теңгені құрады. Ал қаржыландырудан түскен кіріс 3,3 млрд теңгеге (16,7%.) қысқарды.

Похожие материалы