Экономика
Авто
Цеснабанк пен ЦентрКредит Банкі бірігуге қатысты мәлімдеме таратты
Цеснабанк пен ЦентрКредит Банкі бірлескен мәлімдеме жасап, бірігу туралы ақпаратқа байланысты пікір білдірді.
Еске салайық, ЦентрКредит Банкінің шетелдік акционерлері өз үлестерін сататыны туралы ақпарат тараған еді. Банк акционерінің бірі INTERNATIONAL FINANCE CORPORATION-нің 10, 0% үлесін Бақытбек Байсейітов, корялық KOOKMIN BANK-нің 41, 93% үлесін Бақытбек Байсейітов пен «Цеснабанк» АҚ және «Цесна» қаржы холдингі» АҚ бірлескен консорциумы сатып алмақ.
Банктің хабарлауынша қазіргі кезде бұған қатысты келіссөздер аяқталуда. Бұдан кейін мәмілені реттеуші органдар мақұлдауы тиіс. Келесі кезеңде Банк акционерлерінің ауысады. Ол 2017 жылдың екінші тоқсанында болуы мүмкін деп күтілуде.
Сатып алу-сату процессі аяқталған соң, Консорциум мүшелері банк капиталын ұлғайтпақ. Және «Цеснабанк» АҚ банкпен бірігу мүмкіндігін немесе өзге формадағы нығайтылған қаржы институтын құру мақсатында корпоративтік кредит беру, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, сондай-ақ жеке тұлғаларға кредит беру және банктік қызмет көрсету саласында еліміздің банктік секторындағы көшбасшылардың бірі ретінде өз позициясын күшейту және сақтау мақсатында қайта құруды талқылауда.
«Болашақтағы бірігу екі банктің біріккен қаржы институтының тиімділігін және бірлескен іс-әрекеттерін арттырады. Қаржы нарығында жаңа қатысушының пайда болуы Қазақстанның бүкіл банктік секторының дамуына жаңа қарқын беретін клиенттердің кең көлемді тобына жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік жасайды», делінген бірлескен мәлімдемеде.