Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цукерберг Facebook сервисінде криптовалютаны пайдалану мүмкін екенін айтты

Цукерберг Facebook сервисінде криптовалютаны пайдалану мүмкін екенін айтты

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz – Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг сайттың қызметтерінде криптовалютаны пайдалану мүмкіндігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Орталықтандырылған жүйелерден қуат алып, оларды халыққа қайтаратын екі маңызды үрдіс бар. Олар: шифрлау және криптовалюта. Бірақ оларды пайдалану оларды басқару жөнінде қабілетсіздік қаупіне әкеледі. Мен осы мәселеге тереңірек көңіл аударып, осы технологиялардың оң және теріс аспектілері туралы, сондай-ақ олар біздің қызметтерімізде қалай қолданылатыны туралы қызығушылық танытамын», - деп жазды Цукерберг өзінің Facebook парақшасында. Жылдың қорытындысын шығара отырып, ол АҚШ-тың әрбір мемлекетіне барып, 25 кітап оқып, үйіне жасанды интеллект құрып, мандариндік қытай тілін (Солтүстік қытай диалектісі) үйренгенін атап өтті.

«Биылғы жылы өзін-өзі жетілдірудің жылы болады және мен проблеммаларды шешу жолында жаңа білімді тағатсыздана күтемін», - деп жазды Facebook басшысы.

Похожие материалы