Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тур құнының 20%-на дейін қайтару: Қазақстан ішінде демалыс үшін жеңілдік жасалмақ

Тур құнының 20%-на дейін қайтару: Қазақстан ішінде демалыс үшін жеңілдік жасалмақ

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстандықтар үшін туристік кешбэк енгізу ұсынылды. Аталмыш бастама туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ведомствоның туризм мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Министр енгізуді жоспарлап отырған бағдарлама бойынша қаржы жолдамалар ресми туристік агенттіктерден сатып алынған кезде қайтарылады. Сонымен қатар тур белсенді демалыс маусымынан тыс кезде сатып алынған жағдайда азаматтарға оның құнының 20%-на дейін қайтаруға мүмкіндік береді.

Мысалы, Абай, Ұлытау облыстары сынды жаңа бағыттарға шығындар сомасының 20% қайтарылады, Алматы, Бурабай сияқты танымал және сүйікті бағыттарға кэшбек 10% құрайтын болады.

«Біз аталған бағдарламаның барлық тетігін толық және сапалы пысықтау үшін жұмысты қолға аламыз. Кешбэк – ішкі туризмді тартымды етудің жаңа құралы. Сұранысты арттыра отырып, отандық туристік операторларға да қолдау көрсетеміз. Министрлік туристік кешбэк енгізу мәселесін қарауды жеделдетуі керек деп санаймын», – деді министр.

Похожие материалы