Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2016 жылы туристік бизнестің табысы 40 пайызға көбейген

2016 жылы туристік бизнестің табысы 40 пайызға көбейген

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz 2016 жылы туристік бизнестің табысы 40 пайызға өсіп, 39,5 миллиард теңге болды. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

Қазақстандықтар өткен жылы шетелге шығуды азайтып, ішкі демалыс орындарына бара бастаған. Өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда шетелге шыққандар саны 1,5 миллионға азайып,  9,8 миллионды құраған.

Отандық курортты қолдайтын қазақстандықтар саны соңғы бір жылда 441 мың адамға көбейген (барлығы 4,6 миллион).

Себебі, 2016 жылы ҚР нақты ақшалай табысы 4,5 пайызға қысқарған. Соңғы алты жылда алғаш рет тұрғындардың жалақысы мен сатып алу қабілеті төмендеді. Соған байланысты турпакет, виза, қонақ үйде тұру, ұшақ билеттері кенеттен қымбаттап кетті. Қазіргі кезде халыққа шетелге қарағанда елімізде демалу арзанға түседі.

Айта кетейік, 2014 жылы туризм нарығының табысы 21 пайызға, 2015 жылы 4 пайызға төмендеді.

       

Похожие материалы