Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін кім сатып алады?

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін кім сатып алады?

Сарапшылардың сөзінше, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін сатып алатын инвесторды Азиядан іздеу керек. Қазіргі кезде қаржы институтының табысы салынған валютада емес теңгеде болуына және жоғары қауіпке байланысты қаржыландыру көзін таба алмай отыр.

Өткен жылы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ТҮҚЖБ-ға инвестор тартылатынын, бірақ әлі табылмағанын мәлімдеген болатын. Келісім бойынша потенциалды сома 54 млрд теңгеден кем болмау керек. Әзірге мұндай сома беретін қазақстандық инвестор жоқ. Ал жеке капитал көлемі - 104,9 млрд теңге. Осылайша, инвестордың қатысу капиталы банк капиталының 51%-ын құрауы мүмкін.

Бұдан бөлек, "Бәйтерек" Ұлттық холдингінің еншілісі ретінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жекешелендіруге қатысуда. Бұған дейін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ болды.

Ranking.kz мәліметі бойынша, соңғы он жылда ҚР мемлекеттік емес екінші деңгейлі банктерінің акционерлерінде банкті капиталдандыруға дейін орташа есеппен 10 млрд теңге жұмсауға мүмкіндіктері болған.

Ал 2011 жылы ТҮҚЖБ капиталы республикалық бюджет есебінен бірден 57 млрд теңгеге артқан. Капитал көлемінің артуы банктің кредиттік белсенділігінің артуына әсер етті. 2012 жылы банктің несие портфелінің орташа жылдық өсімі 20–30%-ды құрады.

Бес жыл ішінде ұлттық ипотекалық нарығын қалыптастырудағы ТҮҚЖБ үлесі 10%-дан 35%-ға дейін артты.

Сондай-ақ, ҚР Үкіметі стратегиялық инвестордың тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде үлкен тәжірибесі болу керек деген талап қойған. Ал мұндай талапқа ҚР банк жүйесінде ғана емес, ТМД елдері бойынша да ешқандай ірі инвестор сәйкес келіп отырған жоқ. Сондықтан сарапшылар, негізгі инвесторды Еуропа немесе Азиядан іздеу керек дегенді айтады.

«Банк секторындағы инвестиция мәселесі оңай болып отырған жоқ. Әдетте, қысқа мерзімде қолайлы инвестор табылмаса, мемлекеттің өзі қаржыландыруға қол жеткізу құрылымын ұсына бастайды. Егер бұл тәсіл тиімсіз болса банк жекешелендіруге шығарылады", - дейді «Альпари» сарапшысы Анна Бодрова.

Ал Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қаржы ұйымы тобының директоры Романа Корневтың сөзінше, компанияны қаржыландыру үшін тартымды ету тұрғын үй және ипотека нарығының дамуына, инвестордың құқығының қорғалуына, заңнаманың реттелуіне және банктегі ұжымдық басқару сапасының жақсаруына мүмкіндік береді.

Корневтың болжамынша, негізгі шарттар бойынша стратегиялық инвестор дамыған елдердің біріндегі профильді қаржы институты болуы мүмкін. "Шешім банктің толық жекешелендірілуіне емес, стратегиялық профильдік инвестор тартуға қатысты болуы мүмкін", – дейді ол.

«Егер өз араларында инвестицияны бөліп ала алатын бірнеше инвестор тартуға қадам жасалса шетелдік инвесторлар назар аударуы мүмкін", - дейді «ФИНАМ» сарапшысы Богдан Зварич.

Богдан Зварич инвесторды алыстан емес, жақыннан іздеу керек дегенді айтады. Себебі экономикалық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты банк көлемді инвестицияны қажет етеді. Ал мұндай инвестиция үлкен тәукелділікке итермелейді.

Сарапшылардың айтуынша, жекешелендіру инвесторларды тартқанмен экономикалық жағдай олардың әрекетіне кері әсер етеді. Валюта курсының тұрақсыздығынан инвесторлар қаржыны шетел валютасында салады. Ал банк үшін пайда теңгемен болу керек.

Айта кетейік, 01.01.2016 жылғы нәтиже болса, ТҮҚЖБ теңгедегі депозит көлемі бойынша ЕДБ арасында 49,7% үлеспен алдыңғы қатарда тұр. 2015 жылғы нәтижеге сәйкес, құрылыс үшін және тұрғын үй сатып алу үшін банктен берілген несие көлемі 75%-ды құрады. Проблемалы кредиттердің үлесі - 0,36%. Бұл ЕДБ арасындағы ең төменгі көрсеткіш.

Сондай-ақ, 2015 жылы ТҮҚЖБ-дан 224 703 адам депозит ашқан. Ал жалпы ашылған депозит саны - 601 423. 2016 жылдың қаңтарындағы есепке сәйкес, салымшылардың жинағы - 462,5 млрд теңгені құрады.

Дереккөз: kursiv.kz

Похожие материалы