Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің 200 мың салымшысы өтемақысыз қалуы мүмкін

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің 200 мың салымшысы өтемақысыз қалуы мүмкін

Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшылары депозит бойынша өтемақыларын толығымен алмауы мүмкін. Банк баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өтемақы алуға  қосымша 110 мың салымшы келісімге отырған. Бұл теңге курсы еркін айналымға өткеннен кейін шығындарын қайтару үшін банктен қосымша қаржы алу тиіс жалпы депозиттің 20 пайызын құрайды. 

Осылайша 200 мың жинақшы өз уақытысында банкпен қосымша өтемақы алу туралы келісімге қол қойып үлгере алмауы мүмкін. Қосымша келісімге қол қою процедура 2016 жылдың 8 ақпанында басталды. Шараға бөлінген 114 тәулік ішінде орта есеппен күніне 4096 қосымша келісімге қол қойылуы қажет. Алайда қазіргі уақытта күніне қабылданатын өтініштер саны 2,5 мыңнан аспайды.

"Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен қосымша келісім жасау мерзімі 1 маусымда аяқталатынын ескерсек, қазіргі қарқын жоспардың жартысын ғана құрайды",-деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Қарағанды облысында 31 433 жинақтың 5970-і, Ақтөбе облысында 32 490 жинақтың 7843-і, Атырау облысында 17 479 салымшының 3070-і, Алматыда 56 295-тің 13 188-і, Астанада 62 049-дың 18 160-ы қосымша келісімге қол қойып үлгерген.

Әлі жинақ саны 1 млн теңгеден 352 860 және жинақ саны 1 млн теңгеден жоғары 25 515 салымшы келісімге қол қоймаған. Яғни өтемақы төлеу үшін бөлінген қаржының 21 млрд теңгесі әлі игерілген жоқ.

Осыған дейін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 467 мың келісім-шарттың иесіне өтемақы төлейтіндігін мәлімдеген еді. Жинақтың жалпы көлемі 153,1 млрд теңгені құрайды.

Похожие материалы