Астана. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда тұрғын үй бағасы қазақстандықтардың жалақысына қарағнада тез өсуде, деп атап өтті Астана қаласының Кәсіпкерлер Палатасы конференциясының қатысушылары, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қазақстан құрылысшылар одағы президиумының төрағасы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, бір жылда құрылыс 46-50%-ға қымбаттап, орташа жалақы 26%-ға өскен. Орташа табысы бар қазақстандықтың өз бетімен баспана жинауға мүмкіндігі жоқ, дейді сарапшылар.
Сарапшылар 55 м2 екі бөлмелі пәтер сатып алуды мысалға келтірді. Пәтер 20 жыл мерзімге жылдық 18%-дық мөлшерлемемен ипотекаға беріледі. Мұндай жағдайда отбасының табысы бір адамға кемінде 544 394 теңге болуы керек. Осылайша, нарықтық ипотека қол жетімді емес, дейді олар.
«Ипотекалық бағдарламалардың көпшілігі бұқараға қолжетімді емес: баспанаға мұқтаждардың шамамен 60%-ы талапқа сай емес. Ал Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 17%-ға көтерген кезде коммерциялық ипотека халықтың кең ауқымы үшін қолжетімді емес. Осындай сәттерде мемлекеттік қолдау бағдарламалары қажет», – деді Qazproperty басқару және сервистік компаниялар қауымдастығының төрағасы Қайрат Көкенов.
Оның айтуынша, аяқталмаған жеті ипотекалық бағдарламаның тек үшеуі ғана халыққа қолжетімді. Ең танымалы «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы. Баспанаға мұқтаж адамдардың көптігіне байланысты бағдарлама қарқынды дамып келеді.
Қазақстан құрылысшылары халықтың жалақысын көтермей, импортты алмастыру бағдарламаларын, жаңа жеткізу тізбегін құрудың және ұлттық валютаның құнсыздануының мәні жоқ деп есептейді. Құрылыс қымбаттайды, ал қолжетімсіздікке байланысты әлеуетті үй сатып алушылар азаяды, деп қорытындылады мамандар.
Айта кетейік,Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу қолжетімділігі бойынша 113 елдің ішінде 33-орында тұр.