Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозиттер көлемі 724 млрд теңгеден астам қаражатты құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 624 млрд теңге болған, осылайша, банктің депозиттік портфелі 100 млрд теңгеге өсті. Бұл туралы ТҚЖБ баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі таңда 1,4 млн қазақстандық отбасы өз жинақтарын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сеніп тапсырып отыр. Бұл отбасылар болашақта тиімді заемдар арқылы пәтер сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозиттерінде ақшаларын жинап келеді. Жалпы алғанда, олардың депозиттерінде 724 млрд теңгеден астам қаражат жиналды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 36 000-нан астам заем берді.