Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды, - деп хабарлайды LS монополияға қарсы комитетке сілтеме жасап.
Ведомство ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың мамыр айынан қараша айына дейін банк басқармасының 2017 жылғы 23 қарашадағы шешімімен бекітілген бағалаушылармен жұмыс істеу бойынша стандартты шарттарда көзделген бағалау объектілеріне (пәтерлер, жеке үйлер және жер учаскелері) рұқсат етілген ең жоғары баға белгілеу арқылы бағалау компанияларының қызметіне заңсыз араласу жүзеге асырылды.
«Сот талқылауының нәтижелері бойынша, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы 15 мамырдағы қаулысымен ТҚЖБ-ға жасаған құқық бұзушылық үшін 2,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп түсіндірді монополияға қарсы комитет.
20 маусымдағы қаржы институтының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Заң бұзушылық және өндіріп алу туралы қаулы заңды күшіне енді.