Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұрғындарды ауыз сумен қамту жүйелі жүзеге асуда

Тұрғындарды ауыз сумен қамту жүйелі жүзеге асуда

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің берген  мәліметіне сенсек, елiмiздe 2000 жылдaрдaн бacтaп хaлықты ayыз cyмeн жәнe cy бұpy қызмeтiмeн қaмтaмacыз eтy бoйыншa жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Осы күнге дейін ел тұрғындарын ауадан кейінгі орында тұрған тіршілік көзімен толықтай қамтамасыз ету үшін  «Ayыз cy», «Aқ бұлaқ», «Өңipлeрдi дaмытy», «Нұpлы  жoл»  бaғдapлaмaлapы қабылданды.  Олардың нәтижесінде елімізде 48 мың шақырымнан асатын инженерлік желі іске қосылды. Қазақстан тұрғындарын таза ауыз cyмeн қaмтaмacыз eтy дeңгeйi 92,6%-ға жеткен. 

Трилииондаған теңгелер жұмсалған бұндай бағдарламардың қабылдануы  елімізде ауыз су проблемасы бар екенін көрсетеді. Аталған проблема әсіресе халқының саны күн санап өсіп келе жатқан ірі қалаларда жиі кездесіп тұрады. Қазіргі таңда елімізде алдыңғы қатарлы үш мегаполис бар. Бұл шаһарларда жоғарыда айтқанымыздай халық саны  қарқынды түрде ұлғайып отыр. Сәйкесінше өзге де қажеттіліктермен қатар алдыңғы қатарда ауыз су мәселесі шешілуі кезек күттірмес жұмыс.  

Мәселен, елордамыз Астананың өзін алып қарайық. Ол ылғалдылығы жағынанан  тәуекелді аймаққа жататын  Сарыарқа төсінде орналасқан. Бұл күнде Астана қаласымен маңайындағы шағын елді мекендерді  ауызсумен қамтитын қаладан 51 шақырым оңтүстік батыста орналасқан  жалғыз Вячеслав су қоймасы  бар. Алғаш рет  2002-2003 жылдары бұл су қоймасына Ертіс-Қарағанды каналынан су бұру бастамасы елордамызды тіршілік нәрімен қамтуға айтарлықтай оң әерін тигізді деп айтуға болады. 

Дегенмен, Астана  түрғындарының саны күн санап өсіп келе жатқандығын ескерсек, алдағы уақытта елордалықтар ауыз судан таршылық көріп қалу қаупі бер екенін мамандар жоққа шығармайды.  БҰҰ сарапшыларының айтуынша   қалаға 1 тұрғын қосылса, ондағы судың жылдық қоры 1700 текше метрге өсуі тиіс екен.

Ауыз сумен қамту тақырыбы Алматылықтарды айналып өтпейді. Бұл мәселеге қатысыты қала әкімдігі берген мәліметке қарасақ, біршама ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанға ұқсайды. Олардың мәліметі бойынша, мегаполисте су құбыры мен кәріздік инженерлік желілердің кең ауқымды құрылысымен қатыр ауыз су көздерін ұлғайту бойынша бірұатар жоба жүзеге асырылу үстінде.

Су тапшылығына қатысты әңгіме көбіне қалаға жаңадан қосылған аудандардың тұрғындары арасында айтылып жататыны жасырын емес. Әсіресе, соңғы кезде бой көтерген  Алатау, Наурызбай аудандарында.  

Осы аталған Наурызбай ауданында халық тұтынатын таза судың сапасын жaқcapтy жәнe oның ayдaн тұрғындарына тоқтаусыз беріліп тұруын қамтамасыз ету мақсатында арнайы заманауи сүзгі орнатылған «Қарғалы» су тарту құрылысындағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын жаңа су дайындау станциясы Қарағайлы, Қарғалы, Құрамыс, Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарының 28 мың тұрғынын  қажетті ауызсумен қамтамасыз етпек.

Алдағы жылы  Ақсай  өзеніндегі суды пайдалану мақсатында осындай тағы бір станцияның құрылысы жоспарланып отыр.  Ол станция толықтай іске қосылған кезде Наурызбай ауданының 42 мың тұрғынының ауыз су проблемасы түбегейлі шешіледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Бостандық ауданында орналасақан Ерменсай, Бағаналы, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка және Энергетик шағын аудандарында тұратын 22 мың тұрғынға тіршілік нәрін жеткізу мақсатында су жинау жобасы дайындалуда.

Осы жерде айта кетер бір ақпарат, Республика бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Алматы (99,1%) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда,  Атырау (99%) және Қызылорда облыстары (97,8%). Ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан (83,5%)  облыстарында  орын алған.

Ал, осыдан 4 жыл бұрын еліміздегі үшінші мегаполисмәртебесін алған  Шымкент қаласында қала халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші осы жылдар ішінде 98 пайызға  өскен. Мысалы, қаладағы Абай ауданына қарасты Арғымақ шағынауданында ауыз су мәселесі бұған дейін неше мәрте айтылып, жазылса да шешілмей келе жатқан болатын. Осы аумақтың тұрғындары тіршілік нәріне деген мұхтаждықтарын биліктің барлық сатысына жеткізген. Тұрғындарды толғандырған осы мәселені шешу мақсатында 2021 жылы 6,8 шақырымдық су құбыры тартылған. Нәтижесінде биылғы маусым айынан бастап аталған аудан тұрғындарына су үзіліссіз беріле бастады.

Қала әкімдігінің сайтындағы мәлімет бойынша шаһардағы Құрсай шағынауданында екі кезеңнен тұратын құбыр жүргізу жұмыстарының  60 пайызы аяқталыпты. Қазіргі уақытта Шымкент тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 7 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар Құрсай-1 мен 2, Асар-2, Нұртас, Текесу, Қайнарбұлақ шағынаудандары, Еңбекші ауданындағы жаңа құрылыс аумақтары. Тиісті жұмыстар аяқталған соң бұл шағын аудандарда 11 мыңнан астам тұрғын тіршілік нәрімен толық қамтамасыз етілмек.

Жалпы Шымкентте шағынаудан мен тұрғын алап саны 81 болса, бұл күнде оның 78-іне  сапалы ауыз су жеткізілген.  Әкімдіктің берген дерегінше, 2023 жылы қала халқы 100 пайыз таза су ішетін болады. Бұл әрине жоспарлы дерек қана. Ал оның жүзеге асырылуы алдағы күннің еншісіндегі шаруа.

Похожие материалы