
Астана. 14 қазан. 7kun.kz – ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Сапар барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.