Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркияда жоғалған екі қазақстандық үйінді астында қалған

Түркияда жоғалған екі қазақстандық үйінді астында қалған

Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен екі қазақстандық – Мирус Құрмашев пен Әділ Қайырбеков Антакья қаласында үйінді астында қалған. Бұл туралы Мирустың бауыры Алмат Құрмашев пен  Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Алмат Құрмашев бастапқыда ғимараттың астында қалғандарды құтқару үшін алып кран, дрон мен тепловизор қажет екенін айтып, видео жариялады. Оның сөзінше, ғимарат опырырылып, құлап кетуге шақ тұр. «Мұнда өте суық. Ол жақтағылардың халін елестету тіпті қиын», деді ол.

Кейіннен зілзала орнына үйінділерді босату үшін кранның келгенін хабарлады.

Айта кетейік, кеше дәл сол жерден қазақстандық Сабина Мамадьярова табылған еді. Түркия президентінің айтуынша, қазіргі уақытта қаза тапқандар саны 14 014-ке жетті, 63 794 адам жарақат алды. 6 444 ғимарат қирады.

Похожие материалы