
Түркияда инфляция наурызда 54,44%-дан 61,14%-ға дейін өсті, деп хабарлайды 7kun.kz.
Түркия статистика институтының мәліметінше, тек ақпан айының өзінде Түркияда тұтыну бағасының өсімі 5,46%-ды құрады. Ай сайынғы баға өсімі көлік (13,29%), білім беру (6,55%) және қонақ үйлер, дәмханалар мен мейрамханаларда (6,04%) байқалады. Ал жылдық мәнде наурызда бағаның ең көп өсуі көлік (99,12%), азық-түлік және алкогольсіз сусындар (70,33%) және жиһаз және үй жабдықтары (69,26%) бағаларында байқалды.
Сонымен қатар, Түркияның жалпы халықаралық резервтері ақпан айымен салыстырғанда 3,8%-ға азайып, 25 наурыздағы жағдай бойынша 108,0 млрд долларды құрады. Оның ішінде валюталық резервтер (-5,1%) 57,8 млрд долларға, алтындағы резервтер (-2,6%) 42,4 млрд долларға дейін төмендеді.
Айта кетейік, Түрік лирасының 23 қарашада 18%-ға құлдырауы соңғы 20 жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды. Өткен жылдың қаңтар айында 7,4 лира болған доллар бағамы 20 желтоқсанда рекордтық көрсеткішке 18,4 лираға жетті.

