Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркияның ІІМ мәлімде жасады: Жарылыс жасаған күдікті ұсталды

Түркияның ІІМ мәлімде жасады: Жарылыс жасаған күдікті ұсталды

Әлем. 14 қараша. 7kun.kz – Ыстамбұлдың Истикляль көшесінде болған жарылысты ұйымдастырған адам ұсталды. Бұл туралы Түркияның Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, бұл жарылыстың артында Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП) тұр.

«Бұған КЖП террористік ұйымы жауапты. Бұған дейін 21 адам қамалған болатын. Бомба қойған адам ұсталды. Жақын арада бізді осы азапқа салғандарға мұны бірнеше есе қылып қайтарамы», – деді ол.

Айта кетейік, кеше Ыстамбұлдың адам көп жүретін Истикляль көшесінде жарылыс болды. Белігілі болғандай, жарылыс салдарынан 6 адам мерт болып, 81 адам жарақат алған.

Похожие материалы