Экономика
Turkistan АЭА 2043 жылға дейін 1,2 трлн теңгеден астам қаржы тартуды жоспарлап отыр
Алматы. 5 қараша. 7kun.kz - 2023 жылға дейін Turkistan арнайы экономикалық аймағы шамамен 159 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр.
Үкіметтің аймақты құру туралы қаулысына сәйкес, инвестицияның жалпы көлемінің 60 млрд теңгесін шетелдік қаржыландыру құрайды.
2018 жылы бөлінетін қаражат көлемі 19 млрд теңгені құрайды деген болжам бар. Оның ішінде 12 млрд теңге отандық инвесторларға тиесілі. Сонымен қатар, болжамдық жоспар бойынша 2043 жылға дейін 1,26 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.
Инвестициядан бөлек, бес жылдан астам уақыт ішінде қызметтер өндірісінің көлемі 98,3 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 2018 жылдың қалған уақытына 12 млрд теңге тиесілі болмақ.
Жергілікті қамту үлесі 2023 жылға қарай 40%-ға жетуі тиіс. 2018 жылы бұл көрсеткіш 15%-ға тең болады. Ағымдағы жылы барлығы 24 қатысушы АЭА-ға қабылданады.