Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр: құны 64,2 млрд теңге болатын 206 жоба жұмыс істеуде.
«Бір ай ішінде біз нақты нәтижелерге қол жеткіздік», – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.
Кәсіпкерлер палатасы мен екінші деңгейлі банктердің мәліметінше, бір апта ішінде жобалық кеңсеге қарау үшін 927 млн теңгенің тағы 18 жобасы ұсынылды. Агроөнеркәсіптік сектордың белсенділігі де өсті - 206 жобаның 117 жобасы қаралуда, ең аз көрсеткіш – құрылыс материалдары мен машина жасау өндірісі – әрқайсысынан 1 жоба.
«Кәсіпкерлермен жеке кездесулер басталған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін 8,9 млрд теңгенің 16 жобасы мақұлданды», - деп нақтылады әкімдікте.
Елбасының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айында Қазақстанда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы басталды, оның шеңберінде Үкімет халық тұтынатын тауарлар, сондай-ақ бастапқы өңдеу шикізаты мен өнімдері өндірісін қолдауды қамтамасыз етеді.