Түркістан облысы. 31 тамыз. 7kun.kz – Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын», – делінген президент жарлығында.
Ол 2019 жылы наурызда Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалған болатын.
Дархан Сатыбалды Парламент Сенатының депутаты болған. 2010-2011 жылдары ҚР ҰҚК департаментінің бастығы болды. 2011-2013 жылдары - премьер-министр кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2013 жылдан бастап екі жыл Шымкент қаласының әкімі, сонымен қатар 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.