Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістан облысында бөлім басшысы 12 млн теңге парамен ұсталды

Түркістан облысында бөлім басшысы 12 млн теңге парамен ұсталды

Алматы. 25 тамыз. 7kun.kz – Түркістан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы кәсіпкерден 12 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Күдікті қылмыс үстінде ұсталып, қамауға алынған.

«Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылысына жалпы сомасы 400,5 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін делдалдар арқылы бөліп-бөліп қаржы алып отырған», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Агенттіктің хабарлауынша, делдалдыққа қатысты да сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Похожие материалы