Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістан облысында ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалды

Түркістан облысында ломбардты тонау сәті видеоға түсіп қалды

Түркістан облысы. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Жетісайда ломбард қызметкерін қарумен қорқытып, 1,2 млн теңге тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Жетісай АПБ-ға қалада орналасқан ломбардтардың бірінің қызметкері арызданды. Оның айтуынша, жұмыс орнына кешкі  уақытта басына жаздық бас киім мен бетіне медициналық бетперде тағып алған белгісіз біреу кіріп, қарумен қорқытып, ақша талап еткен. Үрейі ұшқан жәбірленуші сол мезетте күдіктіге кассадағы 1,2 млн теңгені  ұстата салған. Күдікті оқиға орнынан ізін суытқан.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.

Полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» құрықтау мақсатында қажетті шараларды қолға алды. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы күдіктінің жеке басы анықталды.

Тәртіп сақшылары сезіктіні тұрғылықты мекенжайынан ұстап, полицияға жеткізді. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті бұл әрекетке ақша қажет болғандықтан барғанын жеткізді. Ал айғақ зат ретінде пневматикалық тапанша тәркілеп алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Похожие материалы