Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан 10-сынып оқушысы қайтыс болды

Түркістан облысында жасөспірімдер арасындағы жанжалдан 10-сынып оқушысы қайтыс болды

Түркістан облысы. 15 қыркүйек. 7kun.kz – Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған 10-сынып оқушысының денесі табылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

ПД мәліметінше, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында тұрмыстық негізде жанжал туындаған. Аталмыш ауыр қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары аулаларды тексеріп,  жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғыны анықталып, ұсталды.

Қазір ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау шаралары атқарылуда. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бүгінгі таңда елдімекендегі жағдай тұрақты.

Похожие материалы