Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістан қаласында М.Әуезов университетінің күндері өтуде

Түркістан қаласында М.Әуезов университетінің күндері өтуде

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласында «Әуезов университеті күндері» өз бастауын алды. 3 күнге созылатын іс-шараға 100-ге жуық мектеп пен колледж түлектері қатысады. Мұнда студенттер, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғалар университет жетістіктерімен таныса алады.

Іс-шара бірнеше бағытта өтеді. Ббағдарламасына сәйкес Түркістан қаласы мектептерінің бітіруші түлектері университетіміздің факультеттері ұйымдастырған көрмемен танысты.

Сондай ақ, Түркістан қаласында орналасқан Конгресс Холлда оқушыларға арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Алғы сөзді университетіміздің басқарма төрағасы - Ректор Қожамжарова Дария Пернешқызы алып, университетіміздің соңғы жылдардағы жетістіктеріне және алдағы уақыттағы жоспарларына тоқталды.

Концерт барысында университетіміздің ғалымдары , жас ғалымы және академилияқ ұтқырлық негізінде шет мемлекетте білім алған студентіміз сөз сөйледі. Атап айтсақ, Түркістан қаласындағы «Әуезов күндері» сәуір айының 17-19 жұлдызы аралығында өтетін болады.

Похожие материалы