Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Түркістанда кір жуғыш заттың көшірмелерін жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды

Түркістанда кір жуғыш заттың көшірмелерін жасаумен айналысқан жасырын цех анықталды

Түркістан. 1 қараша. 7kun.kz – Түркістанда контрафактілік өнім дайындау жасырын цехы анықталып, одан 8 тоннадан астам кір жуғыш затын тәркіленді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полицейлер жасырын цехтың қызметіне тосқауыл қойды. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша тіркелді.

Төрт ер адам ұсталды. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырумен айналысқан Түркістан қаласының тұрғыны, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған.

«Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни «Ariel», «Миф», «Tide» және «Persil» сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған», – деп хабарлады Түркістан облысы ПД-да.

Жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

https://www.youtube.com/watch?v=UOFGm4oHL1I

Похожие материалы