Түркия Ресейге әскери ұшақтың әуе кеңістігін бұзғаны туралы дәлелді бергенін мәлімдеді
Түрияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкара Мәскеуге Су-34 әскери ұшағы әуе кеңістігін бұзғаны туралы дәлелді жолдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Сауд Арабиясында болған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды РБК Dogan агенттігіне сілтеме жасап.
«Мен аталған мәселеге Ресей жауапкершілікпен қарайды және шындықты айтады деп үміттенемін. Түркияның әуе кеңістігін бұзғаны туралы ақпаратты әскери каналдар арқылы жібердік", - деді ол.
М. Чавушоглу түріктер тарапы Ресеймен қарым-қатынас қалыпты болғанын қалайтынын атап өтті. «Біз Ресейді тек көрші мемлекет ретінде ғана емес, маңызды серіктес ретінде танимыз", - деді ол. Алайда тек бір мемлекеттің оң қадамы мақсатқа жету үшін жеткіліксіз екенін айтты.
Айта кетейік, 29 қаңтар күні Түркия ресейлік Су-34 бомбалаушы ұшағының мемлекеттік шекараны тағы да бұзғанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, түрік билігі егер жағдай қайталанатын болса барлық жауапкершілік Ресейге жүктелетінін ескерткен.
Ал Мәскеу болса, бұл ақпаратты жоққа шығарып, түріктердің мұндай ресми хабарламасы "дәлелсіз" деген болатын.
Дегенмен Анкараның Ресей үкіметін айыптауын АҚШ-тың Қорғаныс министрі Марк Райт құптап отыр. «Біз хабарлама туралы білеміз және ресейлік әскери ұшақтың НАТО және Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын дәлелдей аламыз", - деді Райт.
Фото: rbc.ru