Анкара соты бас қаланың орталығында орын алған терактіге қатысты суреттер мен видеолар жарияланғаннан кейін Twitter және Facebook әлеуметтік желілерін бұғаттады. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Мұндай шешім қолданушылар шабуыл салдарынан құрбан болғандардың суреттері мен видеоларын әлеуметтік желіге тарата бастаған соң қабылданған.
Айта кетейік, 13 наурыз күні Анкара уақытымен 18:45-те қала орталығында Үкіметтің бас кеңсесіне жақын орналасқан автобус аялдамасында жарылыс болған еді. Таратылған ақпаратқа сәйкес, бомба орнатылған автокөлік жарылған. Салдарынан бірнеше әкімшілік автобус мен жол жиегінде тұрған көліктер өртке оранды. 32 адам қаза тауып, 75 адам жараланған.