Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Тұтынушылық себетінің жаңа жобасы 2017 жылы дайын болады

Тұтынушылық себетінің жаңа жобасы 2017 жылы дайын болады

Қазақстан тағамтану академиясы соңғы он жылда қазақстандықтардың тұтыну белсенділігінің артқаны туралы мәлімдеді. Қазір Академия қазақстандықтарға тауарларды тұтыну мен қызметтерді пайдалану және тамақтануды үйрету ісін қолға алды. Тұтынушылық себетінің жаңа жобасы 2017 жылы дайын болады.

"Халықтың тұтынушылық белсенділігінің қаншалықты өзгергені зерттеу нәтижесінде белгілі болады. Егер нақты мәліметтер анықталса, азық-түліктерді тұтыну нормасы өзгереді",  - деді рационализациялық тағамтану зертханасының жетекшісі, Қазақстан тағамтану академиясының профессоры Сәтпек Мұсабеков.

Сондай-ақ, ғалымдар азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар себетінің ара қатынасын өзгертуді ұсынып отыр. Тамақтану академиясы азық-түлік емес тауарларға себеттің 45%-ын беріп, өнім үлесін 55%-ға қысқартуды ұсынуда. Сондай-ақ тауарлар тізімі мен мөлшері де өзгереді. Осыған дейін себеттегі 40 пункттен құралса, жаңа нұсқада олардың санын 60-қа дейін көбейту жоспарланып отыр. Бірақ тауарлар ассортименті өскен сайын, әрбір өнімнің үлесі төмендей түседі.

Себетті жасап шығаруға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 11 млн теңге бөлінді, ал ЮНИСЕФ 13,3 млн теңге бөлді.

Еске салайық, қазақстандықтардың тұтынушылық себеті 2005 жылы жасалды. Халықаралық стандарт бойынша ол 5 жылдан кейін қайта қаралу қажет еді, бірақ қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты зерттеу ісі кейінгі қалдырылды. Тұтынушылық себеті ең төменгі күнкөріс есебін анықтау үшін пайдаланылады.

Похожие материалы