Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter 140 әріптік шектеуді алып тастауы мүмкін

Twitter 140 әріптік шектеуді  алып тастауы мүмкін
Twitter 140 әріптік шектеуді алып тастауы мүмкін, деп хабарлайды Re/code интернет басылымы. Оның хабарлауынша компания қолдануға болатын  әріптер санын 70 есеге яғни 10 мың әріпке дейін ұлғайтпақ. Өзгеріс наурыз айында болуы мүмкін. Twitter басшысы Джек Дорси бұл ақпаратты растаған. Оның айтуынша компания бұл арқылы қолданушылардың мүмкіндігін ұлғайтпақ. Дж.Дорси қолданушылардың 140 әріптік шектеуді айналып өту мүмкіндігін баяғыда-ақ шешкен. Көпшілігі сыймаған мәтіндерді скриншот арқылы беріп жүр. 140 әріптік шектеу 2006 жылы Twitter іске қосылғалы бар. Мұны қолданушылардың көпшілігі қолдаған. Өйткені ойды қысқа-нұсқа жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ сынаушылар да жоқ емес. Олар 140 әріп ойды шектейді дейді.  

Похожие материалы