Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter-де лүпіл пайда болды

Twitter-де лүпіл пайда болды

Twitter -дегі "Таңдаулы" деген батырмадағы жұлдызшаның орнын жүрек  бейнесі  ауыстырды. Бұл туралы Twitter-дің ресми сайты хабарлады.

Жаңартылған функция "Маған ұнайды" деп аталады. Twitter осыған дейін жұлдызша батырмасының пайдаланушылар арасында, әсіресе жаңа тіркелген адамдарға түсіну қиын болғанын айтты. "Жүрек әр жерде өмір сүретін, әр түрлі тілде сөйлейтін адамдарға бірдей түсінікті болатын әмбебап символ. Ол эмоцияны айқын әрі кең ауқымда білдере отырып, адамдармен оңай өзара араласуына мүмкіндік береді"- делінген Twitter блогында. Фото: iphones.ru сайтынан алынды.

Похожие материалы