Алматы. 8 шілде. 7kun.kz - Twitter әлеуметтік желісі өткен екі айда 70 миллионнан астам жалған және күдікті қолданушылардың аккаунтын бұғаттады. Бұған платформадағы жалған ақпараттың көп тарауы себеп болған, деп хабарлады The Washington Post.
2017 жылдан бері қолданушыларды бұғаттау қарқыны екі есеге артты. Ал соңғы айларда күнде бір миллион аккаунт жойылды.
Газеттің хабарлауынша, Twitter-дің интернет-боттарға қарсы күресте күрделі тазалау жұмыстарының нәтижесінде қолданушыларының саны азаюы мүмкін. "Қолданушылар өзін қорғаныс аясында сезінбесе, сөз бостандығының маңызы аз", дейді Платформаның вице-президенті Дела Харви.
Мамырда Twitter ереже бұзушылықты бақылау алгоритмінің өзгергенін хабарлады. Келесі аптада компания бұл мәселеге байланысты жаңа мәлімдемесін жариялайды, дейді WP.