Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Twitter Илон Маскты компанияның директорлар кеңесіне қосты

Twitter Илон Маскты компанияның директорлар кеңесіне қосты

Twitter Илон Маскты компанияның директорлар кеңесінің құрамына қосты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Илон Маск Twitter директорлар кеңесінің құрамына компанияның ең ірі акционерлерінің бірі болғаннан кейін кірді. Оның өкілеттігі 2024 жылы аяқталады, осы уақытта және одан кейінгі 90 күн ішінде Масктың үлесі 14,9%-дан аспауы керек.

Twitter акциялары Нью-Йорк қор биржасында NYSE саудасының басында 4%-ға өсіп, 51,9 долларды құрады. Дүйсенбіде Маск әлеуметтік желінің акционері болды деген хабардан кейін олар 27%-ға қымбаттады.

Twitter 4 сәуірде Масктың компания акционері болғаны туралы хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, кәсіпкер қазір Twitter-дің 73,4 миллион акциясына немесе 9,2% үлесіне ие. Осылайша, Маск әлеуметтік желінің ең ірі акционерлерінің біріне айналды.

Айта кетейік, Илон Маск 5 сәуірде Forbes жариялаған әлемдегі ең бай адамдардың жаңа рейтингісінде көш бастады. Кәсіпкердің байлығы 219 миллиард долларға бағаланды.

Похожие материалы