Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Венера Қайыржанованың «Тығылмақ» атты қысқаметражды фильмі XIX рет Карлсруэ қаласында өткізіліп жатқан The Independent Days International Filmfestival (IDIF) фестивальге қатысып отыр, - деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.
Кинофестиваль 2019 жылғы наурыз айының 3 мен 7 аралағында өтеді. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
«Фильм фестивальдік ғұмырын жалғастырып жатқанына қуаныштымын. Жас режиссерлерге қолдау білдіріп жүрген «Қазақфильм» киностудиясына алғыс айтамын. Және де түсірілім тобына да мың алғыс», - деді режиссер Венера Қайыржанова.
Айта кетсек, бұл кинотуынды әлемдік қысқа метрлі фильмдерге арналған Канн фестивалінің кәсіби бөлімі – Short Film Corner бағдарламасына, халықаралық «Еуразия-2018» кинофестивалінің басты байқауына, сондай-ақ Baikonyr Short Film Festival және «Бастау» фестивальдерінің конкурстық бағдарламаларына қатысып үлгерді.
Сондай-ақ, картина былтыр Санкт-Петербургтағы V халықаралық «Inтонации» кинофестивалінде «Фильмдегі ерекше дыбыс шешімі үшін Григорий Яковлевич Франк атындағы арнайы сыйлықпен» марапатталды, Moscow Shorts-18 атты тағы бір ресейлік кинофестивальде үздік сценарий призін жеңіп алды.