Экономика
ҚТЖ мен Трансмашхолдинг Тұлпар-Тальгоны жекешелендіруге қатысу туралы меморандумға қол қойды
Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz - "Трансмашхолдинг" (ТМХ) тобы мен "Қазақстан Темір жолы" ҰК" (ҚТЖ) АҚ "Тұлпар-Тальго" зауытын жекешелендіруге қатысу және жолаушылар вагондарын Қазақстанға жеткізу туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады жұма күні ҚТЖ баспасөз қызметі.
24 мамырда Петербург экономикалық форумында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ және «Ресей Экспорт Орталығы» АҚ (РЭО) жолаушылар вагондарын шығаратын «Тұлпар-Тальго» кәсіпорнынан вагондар сатып алу жөніндегі Меморандумға қол қойды.
Меморандумға «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, «Трансмашхолдинг» АҚ бас директоры Кирилл Липа, «БРК-Лизинг» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров, «РЭО» АҚ атқарушы директоры Алексей Тюпанов қол қойды.
Меморандумға сәйкес, тараптар 2018-2026 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на мың жолаушылар вагондарын жеткізуді қаржыландырып, жүзеге асыруға кіріседі.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Трансмашхолдинг» АҚ 2018 жылы 8 маусымға дейін бірлескен жұмыс тобын құрып, вагондардың соңғы қорытынды бағасын белгілеп, оның шарттарын жүйелеп, мемлекетаралық, мемлекеттік, корпоративтік құжаттарын реттейтін болады.
«Трансмашхолдинг» АҚ Қазақстандағы заманауи электровоз шығаратын бірлескен кәсіпорынның құрылтайшысы саналады. 2013 жылдан бері заманауи тепловоздар шығаратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның акционері. «Электрововз құрастыру зауыты» АҚ-ның құрылтайшысы. Бұл кәсіпорындар заманауи тепловоздар мен электровоздар шығарады.
Меморандум қол қою ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 «2016-2020 жылдары жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысында көрсетілген «Тұлпар-Тальго» ЖШС-інің 100 пайыздық сатуды жүзеге асырудан туындап отыр.
Меморандум 2018 жылғы 31 желтоқсаннан күшіне енеді.