Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚТЖ-ның шығыны 29 млрд теңгеге жетті

ҚТЖ-ның шығыны 29 млрд теңгеге жетті

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясы 29,5 млрд теңге шығынға ұшырады. 2016 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша ҚТЖ 23,5 млрд теңге пайда тапқан, деп хабарлайды LS.

ҚТЖ компаниясының кірісі 9 айда 659,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың үш тоқсанының көрсеткішімен (597,1 млрд теңге) салыстырғанда 10,4 пайызға төмен болды.

Тасымалдаушының жалпы түсімі 130,7 млрд теңгені құрады. Ал, 2016 жылы 126 млрд теңгені құраған (3,7 пайызға төмендеді).

2016 жылы тоғыз айдың ішінде 37 млрд теңге пайда тапқанына қарамастан, салық салуға дейінгі шығын 32 млрд теңгені құрады.

Компания активтері 2017 жылдың 30 қыркүйегінде 2,3 пайызға артып, 3,1 трлн теңгені құрады. Сонымен бірге компанияның капиталы 2,8 пайызға (1,2 млрд теңгеге дейін), ал міндеттемелер - 1,9 пайызға (1,9 трлн теңгеге дейін) өсті.

Похожие материалы