Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТЖД: Қарғалыдағы бөгеттің босатылатыны туралы ақпарат жалған

ТЖД: Қарғалыдағы бөгеттің босатылатыны туралы ақпарат жалған

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz - WhatsApp желісінен тарап жатқан Қарғалыдағы бөгетті босату немесе су жіберу туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Қазіргі уақытта плотина транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Суды еркін өткізіп жатқандықтан, жиналмайды. Су шығыны секундына 0,51 текше метр. Ең жоғары дегеннің өзінде 19 текше метрден аспайды. Бөгеттің құрылымында шлюз жоқ. Сондықтан су деңгейі автоматты түрде реттеліп отырады", - деп атап өтті төтенше жағдайлар департаментінде.

Сонымен қатар, департамент қандай да бір жалған ақпарат таратқан адамдар, қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылатындығын да баса айтты.

Похожие материалы