Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ТЖД: Байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms жіберуден бас тартты

ТЖД: Байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms жіберуден бас тартты

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz - Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, ұялы байланыс операторлары алматылықтарға сел жөнінде sms хабарлама жіберуден бас тартқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы әкімінің кеңесшісі Сергей Куянов мәлім етті.

Оның айтуынша, өзге алматылықтар сияқты ол да селдің жүру қаупі туралы sms хабарлама алмаған. Куяновтың айтуынша, ол осы сауалды ТЖД басшысының орынбасарына қойған, бірақ ол ұялы байланыс операторларының сел туралы хабарлама таратудан бас тартқандарын айтты.

Айта кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрген. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарағайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Алматы ТЖД жеке құрамының, ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелерінің АҚ дабылы бойынша жиыны белгіленді.

ҚР ІІМ ТЖК аймақтық бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен, қаланың азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірігіп, Қарағалы өзенінің бойында су басу аймағындағы елді мекеннің зардап шеккен тұрғындарын іздестіру және эвакуациялық бойынша аралап шығу жұмыстары ұйымдастырды.

Алматы қаласындағы 280-нен астам адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Похожие материалы